Қазақстан жекешелендіруде ЭЫДҰ көрсеткішіне жетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін отандық телеарналардан көрсетілген республикалық БАҚ өкілдеріне сұхбаты барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жекешелендірудің негізгі мақсаты жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Біз реформаларды іске асырып, нарықтық экономиканың жолына түстік. Бірінші жаппай жекешелендіруді 90-шы жылдары жүзеге асырдық. Қазіргі кезде осындай екінші жекешелендіруді жүргізіп жатырмыз. Бүгінде мемлекеттің басқаруында тағы да 7 мың кәсіпорын қалып отыр. Біздің мақсат мемлекеттің басқаруына 15 пайызын қалдыруға негізделген. Осындай көрсеткіштер Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымында қалыптасқан. Қазіргі кезде мемлекетке 60 пайыздан астамы тиесілі. Біз дамыған 30 елдің қатарына енуге ниеттіміз. Бұл жекешелендіру реформалардың қажеттілігін білдіреді»,-деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы жекешелендіруге жататын нысандар жеке компанияларға, шағын және орта бизнеске өтетінін еске салып өтті.

Айта кетейік, отандық телеарналардан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатының толық нұсқасы көрсетілді. Елбасы отандық және халықаралық БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді. Жиынға қатысушылар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауды іске асыру аясында ел экономикасын трансформациялау үдерісінің бірқатар аспектілерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін, қазіргі саяси жаңғыру кезеңінің ерекшеліктерін, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын, сондай-ақ басқа да маңызды жайттарды талқылады. Кездесуге «Қазақстан», «Хабар», «МИР» телеарналарының, «Айқын» газетінің, «Esquire» журналының, «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігінің журналистері қатысты.

Соңғы жаңалықтар