Қазақстан жеңіл және атыс қаруларының заңсыз таралымына экспорттық бақылау жүйесін құру және жұмыс істеудегі өз тәжірибесімен бөлісуге дайын - ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары

; АЛМАТЫ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазір атыс қарулары трансұлттық лаңкестік және қылмыстық топтармен, радикальдық қозғалыстарда шиеленіс ошақтарын құру мен экстремизмді экспорттауда негізгі құрал ретінде белсенді қолданылуда.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан "Орталық Азиядағы жеңіл және атыс қаруларының заңсыз айналымымен күрес" деп аталатын халықаралық семинарда айтылды.

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Болат Сембиновтың сөзіне қарағанда, соңғы жылдары әлемдік саясат пен қарусызданудағы негізгі мәселелердің бірі жеңіл және атыс қаруларына қарсы мемлекеттер арасындағы сенім мен қауіпсіздікті нығайтудың қажеттілігі болып отыр. Осыған байланысты бірқатар маңызды халықаралық құжаттар қабылданды. Мәселен, 2000 жылы ЕҚЫҰ-ға қатысушы-мемлекеттер жеңіл және атыс қарулары бойынша экспортық бақылау және брокерлік қызмет бойынша арнайы құжат пен бірқатар шешімдер қабылдады. 2001 жылы жеңіл және атыс қаруларының заңсыз саудасын тоқтату және жою бойынша БҰҰ-ның Әрекеттер бағдарламасы қабылданды. 2008 жыл маусым айында Астанада өткен ЕҚЫҰ Парламенттік Асссмблеясының 17-ші сессиясындағы қортынды декларацияда жеңіл және атыс қаруларының заңсыз айналымы саласында аймақтық және халықаралық күшейтуді қолдаудың қажеттілігі ерекше атап көрсетілді.

"Жеңіл және атыс қаруларының таралуы есірткі өндіру мен оның заңсыз айналымына қатысушы қылмыстық құрылымдардың қызметімен тікелей байланыстылығы ерекше қауіп төндіреді. Біз атыс қаруларының заңсыз айналымымен күресуді мемлекеттерді көбірек қатыстыру арқылы тек бірлескен және үйлестірілген күш-жігермен ғана шешуге болады деп санаймыз. Қазақстан жеңіл және атыс қаруларының заңсыз саудасына қарсы әрекеттер бойынша міндеттемесін нық ұстайды. Сондай-ақ атыс қаруларының заңсыз саудасын тоқтату жөніндегі БҰҰ-ның Әрекеттер бағдарламасын жүзеге асыруға өз үлесін қосып, ЕҚЫҰ Форумының мамырдың 26-сындағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы шешімін толықтай орындайды", дейді генерал-лейтенант Болат Сембинов. Қорғаныс министрі орынбасарының айтуынша, қазіргі таңда олар Қазақстанның Вассенаарск келісіміне қосылу мүмкіндігін қарауда. Ол қару-жарақтың әдеттегі түрлерінің заңсыз айналымына жол бермеу мақсатында экспортық бақылау саласында көптарапты әрекеттестіктерді күшейтуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар