Қазақстан жеңілдікті шарттармен астық жеткізуге әзір ? Ауғанстан сауда министрі

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат – Қазақстан Ауғанстанға жеңілдікті шарттармен астық жеткізуге әзір. Бұл туралы кеше Ауғанстан Ислам Республикасы Министрлер кабинетінің жалпы отырысында елдің сауда және өнеркәсіп министрі Вахидулла Шахрани мәлімдеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ауғанстан.ру» жаңалықтар порталына сілтеме жасап. Жаңалықтар порталының атап көрсетуінше, В.Шахрани өткен аптада Астанада және Ашғабадта жұмыс сапарында болған еді. «Қазақстан өкіметі Ауғанстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екенін білдірді, - деп атап өтті министр. ? Келіссөздер барысында астық пен отынды жеңілдікті шарттармен жеткізуге уағдаластық жасалды». Қазақстан - Ауғанстанға астық пен отынды басты жеткізушілердің бірі.
Соңғы жаңалықтар