Қазақстан жоғары технологияларды енгізу жағынан қазір ТМД-да көшбасшы болып отыр - IT-Box компаниясының бас директоры

АЛМАТЫ. 12 ақпан. ҚазАқпарат - «Қазақстанның ақпараттық технология нарығы қарқынды түрде дамуда. Оған нарықтағы ойыншылардың белсенділігінің артуы айқын дәлел бола алады», - дейді IT-Box компаниясының бас директоры Андрей Ботнев. Оның пайымдауынша, Қазақстанда жоғары технологияларды енгізу мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылуда. Оған мемлекеттік сатып алу мен мемлекеттік қызмет порталдарын мысалға келтіруге болады. Мемлекет бұл салаға ерекше көңіл бөліп, қомақты қаржы жұмсауда. Бұл жағынан Қазақстан қазір ТМД-да көшбасшы.
None
None

«Жаһандану үдерісі бизнестің дамуын жеделдетуде. Онда басқарудың озық технологиялар мен шешімдері жылдам өсуде. Сондықтан оны тұрақты түрде қадағалап, тиімдісін таңдай білудің маңызы өте зор. Бұл бағытта Қазақстанның ақпараттық технология нарығында өзгелерден үйренері әлі де өте көп», - дейді А.Ботнев. Оның сөзіне қарағанда бизнестің түрлі саласы бойынша жұмыс жасайтын кейбір ірі холдингтер мен корпорациялардың ақпараттық басқару жүйесі әрқилы бағдарламамен қамтамасыз етілген. Ондағы жұмыс үдерісін оңтайландыру арқылы шығынды үнемдеп, бизнестің тиімділігін көтеруде мүмкіндік мол. Бұл саланың әлеуеті өте зор. Сондай-ақ ондағы білімді игерудің де маңызы ерекше.

Соңғы жаңалықтар