Қазақстан жолдарындағы ахуал қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, кей өңірде көлік жылдамдығына шектеу енгізілсе, бірнеше аймақта бұрын жабылған жолдар қайта ашылды.

Ауа райына байланысты Жамбыл және Абай облыстарында жол жабылды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Ақмола облысында көлік қозғалысы жылдамдығына шектеу енгізілді.

2025 жылғы 6 қараша сағат 00:30-дан бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жол) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)» автожолының 19-231-шақырым аралығында көліктің барлық түрі үшін жылдамдық шектеуі 110 шақырым/сағ-тан 80 шақырым/сағ-қа дейін төмендетіледі.

Компанияның мәліметінше, жылдамдық режимін 2025 жылғы 6 қараша күні сағат 15:00-де қайта қалпына келтіру жоспарланып отыр.

– Бұл ауа райының тұрақтануына және қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне байланысты жүзеге асады, - делінген хабарламада.

Ашылған жолдар

Ауа райының жақсаруына байланысты бұған дейін жабылған бірнеше жолдағы көлік қозғалысы қайта жанданды.

6 қараша сағат 00:00-де Алматы облысында «Алматы-Шелек-Қорғас» автожолының 48-118-шақырым аралығындағы учаскесінде (Жаңашар ауылынан Лавар ауылына дейін) көліктін барлық түрлері үшін қозғалыс ашылды.

Сағат 01:00-де Жамбыл облысында «Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 159-238-шақырым аралығындағы учаскесінде (Қордай асуының жаңа айналма жолы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылды.

Сағат 08:00-де Жетісу облысында «Сарыөзек – Көктал» автожолының 40-68-шақырымындағы (Алтынемел асуы) жүк көліктеріне қойылған шектеу алынды.

Ауа райы

6 қарашада Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жетісу, Қарағанды, Абай және Павлодар облыстарында қар аралас жаңбыр мен қар жауады.

Компания жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеруді өтінді.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Соңғы жаңалықтар