Қазақстан жолдарындағы апаттар саны жыл басынан бері 5%-ға азайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің жолдарындағы апат санын төмендету үшін 2014 жылы «Жол қозғалысы туралы» Заң қабылданды, деп жазады primeminister.kz.
«Жол қозғалысы туралы» ҚР Заңын жүзеге асыру жол қозғалысы саласына тартылған барлық субъектілер арасында жауапкершілік аймағын нақты бөлуге, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қызметке талапты күшейтуге мүмкіндік берді.
«Жол қозғалысын бақылау және қадағалау айтарлықтай күшейтілді. «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Назар аударыңыздар, балалар!» және басқа да өткізіліп жатқан ауқымды алдын алу іс-шаралары нәтижесінде Жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау 0,5%-ға (1 млн 687 мыңға дейін) артты», - деп мәлімдеді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Қолданылған шаралардың нәтижесінде, министрліктің мәліметінше, соңғы 3 жыл бойы, елімізде автокөлік құралдарының артуына қарамастан (+8%, 4,5 млн дейін) апаттылық көрсеткіштерінің төмендеуінің тұрақты үдерісі байқалуда.