Қазақстан ЖОО-ларды аккредиттеу талаптарын жаңартпақ

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы елордада өтіп жатқан Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі X Орталық Азия халықаралық форумында Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов айтты.

құжат
فوتو: ۆيكتور فەديۋنين/kazinform

Спикердің айтуынша, Еуропалық жоғары білім кеңістігінде білім сапасын қамтамасыз етуге арналған ESG стандарттары қайта қаралып жатыр. Жаңартылған құжат жобасында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдануға да назар аударылған.

– Қазақстан ұлттық аккредиттеу тәсілдерін ESG-дің жаңа редакциясына сәйкестендіруі керек. Ол үшін аккредиттеу агенттіктерінің стандарттарын, ЖОО-лардың ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесіне қойылатын талаптарды және сыртқы бағалау рәсімдерін жаңарту қажет. Бұл жұмыс агенттіктермен, ЖОО-лармен, студенттермен және жұмыс берушілермен диалог негізінде жүргізіледі деп жоспарлап отырмыз, – деді Талғат Ешенқұлов.

Сонымен қоса, вице-министр университеттерді цифрландыру, жасанды интеллектіні қолдану және білім сапасын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері Еуропалық жоғары білім кеңістігінде тұрақты талқыланып келе жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық ЖОО-ларда ChatGPT Edu енгізілетіні хабарланды.