Қазақстан жылды ФИФА рейтингісінде 128-ші орынмен аяқтауда

Желтоқсан айындағы жаңартылған рейтингіде біздің құрама өткен аймен салыстырғанда позициясын 4 тармаққа жақсартып, 128-ші орынға шықты. Біздің құрамаға таяу 219 ұпаймен Филиппин (127-ші орын) және 207 ұпаймен Сирия (129) тұр. Қазақстан қоржынында 216 ұпай бар.
Кестенің көшбасшысы 1507 ұпай жинаған бұрынғыша Испания құрамасы болып отыр. Одан кейін Германия (1318 ұпай), Аргентина (1251), Колумбия (1200), Португалия (1172), Уругвай (1132), Италия (1120 ұпай) командалары келеді.
ФИФА рейтингісінде Бразилия құрамасы 10-шы позицияда, Англия 13-ші орынға шықты, АҚШ - 14-ші, Украина - 18-ші орында, Ресей бұрынғыша 22-ші орынға табан тіреді.
ФИФА рейтингісінде Қазақстан 2011 жылмен салыстырғанда, өзінің позициясын 10 тармаққа жақсартқанын атап өткен жөн.