Қазақстанда 1,2 мың ауылға тартылатын интернет қаладағы тарифтен арзан болады
«1 249 ауылдың тізімі 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №435 «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кең жолақты қолжежетімділікпен қамтамасыз ету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын бекіту туралы» Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығымен бекітілді», - деп хабарлайды министрліктен.
Ресми жауапқа сәйкес, «Талшықты-оптикалық байланыс желілерімен Қазақстан Республикасының ауылды елді мекендерінің кеңжолақты қатынаумен қамтамасыз ету» жобасы 14 облысты қамтымақ.
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңға сәйкес конкурстық құжаттама бекітілгеннен кейін, жобаның жеке әріптестерін айқындау бойынша конкурс жарияланып, келіссөз жүргізілетін компаниялар аңықталады. Интернет желісін тарату кезеңге бөлініп 3 жыл ішінде жүргізіледі. 1 249 ауылға интернет тарту жұмысын 2021 жылға аяқтау жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, интернет қызметінің тарифтері орта нарықтық бағада және қалалық тарифтерден төмен болатындығы жоспарлануда.