Қазақстанда 100 аула жобасы бастау алды
Акцияның мақсаты өздерiнiң аумақтарына бей-жәй қарамайтын жастар мен тұрғындардың қатысуымен 100-ге таман көппәтерлi үйлердiң алаңдарын көркейту және абаттандыру. Әзiрге жоба тек Ақмола облысындағы қалалар мен аудандарда жүзеге асырылмақ.
"Акция шеңберiнде бiз 100 ауламен шектелмеймiз. Абаттандырылған аулалардың саны 1000-ға дейiн жетедi деген үмiтiмiз бар. Жастардан үлкен белсендiлiк болады деп сенемiз. Жастардың күшiн кеңiнен тартуымыз қажет. Қазiр қалалық жердерде турниктердi, отыратын орындықтарды жастар керiсiнше сындырып жататыны көп байқалады. Сол аулалардың жастары өздерi баспалдақ, балалар ойын алаңдарын, орындықтарды өз қолдарымен жасайтын болса, ертеңгi күнi сындырмақ түгiлi басқа бiреуге қол жұмсаттырмай, алдын алуға септiгiн тигiзедi",-деп атап көрсеттi О. Толкайлов.
Оның сөзiне қарағанда, қазiргi уақытта Ақмола облысының аудандық жас депутаттары жөнделетiн алаңдардың тiзiмiн жасақтауда. Шамамен бiр-екi айдың жүзiнде жұмыс басталып, 20-30 алаңды жаңадан тұрғызу көзделген. Тамыз айында аталмыш жобаны өзге аймақтарда да бастау жоспарлануда.