Қазақстанда 100-ге жуық мамандық иелері жетіспейді - Халықаралық адам капиталы институтының директоры

АЛМАТЫ. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанда 100-ге жуық мамандық бойынша 35-40 мыңдай маман қажет. Бұл туралы Халықаралық адам капиталы институтының директоры Жанұзақ Әкім бүгін Алматыда өткен «Медиатехауыл» және Адам капиталын дамыту бағдарламасы - жол картасы» бағдарламасының тұсаукесеріне арналған ғылыми конференцияда айтты.
None
None

«Біздің сарапшылардың анықтауынша, қазір Қазақстанда 100-ге жуық мамандық иелері жетіспейді. Оның ішінде - басқару жүйесі, жалпы және саяси психология, макроэкономика, мидың молекулалық биологиясы, ақпараттық технология мен әскери және тағы басқа да салалар бар. Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы зерттеуіне қарағанда мұнайгаз саласы, машина өнеркәсібі, кен орнындағы мамандардың 60 пайызға жуығының біліктілігі, білімі жетілдіруді қажет етеді. Бұл кәсіпкерлік пен өндірістің дамуына кедергі болуда», - деді Ж.Әкім. Оның айтуынша, білім жүйесіне түпкілікті өзгерістер болу керек. Тәуелсіздік жылдары елімізде жаңа мамандар дайындау айтарлықтай ілгері жылжыған жоқ. Сондықтан жоғары және арнайы оқу орындарының компаниялармен келісімшарт жасап, жоғарғы курс студенттерінің онда өндірістік тәжирибеден өтіп, жұмысқа орналасуын шешуі керек. Қашықтықтан оқытуды 3 жылда барлық білім беру мекемелерінде шешу қажет. Қоғамдық университеттер ашып, білім мен ата-аналар арасындағы байланысты күшейту керек. Бұл үшін әрбір тоқсан сайын ашық есік күнін өткізіп, мамандық таңдау сияқты түрлі тақырыпта дәрістер оқып, мемлекеттіліктің деңгейін көтеру шарасы жүргізілуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар