Қазақстанда 11 536 ҰОС ардагері және 240 мың тыл еңбеккері бар

АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Қазіргі күні Қазақстанда 11 536 ҰОС ардагері және 240 мың тыл еңбеккері бар.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада Қарттар үйінде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған салтанатты жиында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Ахметов мәлім етті.

«Өкінішке қарай, табиғат заңдылығы сол, бүгінгі таңда тарихтағы ең зұлмат соғыста болған жандардың қатары күннен күнге азайып барады. Қазіргі күні елде 11 536 ҰОС ардагері және 240 мың тыл еңбеккері қалды»,-деді С. Ахметов.

«Сіздер мемлекеттің еркіндігін сақтап қана қойған жоқсыздар, сонымен қатар барлық әлемді «қоңыр оба» - ұлтшылдықтан аман алып қалдыңыздар. Тәуелсіздік іргесін қорғап, бейбіт уақытта қазіргі заман экономикасының негізін қаладыңыздар»,-деп сөзін жалғастырған вице-министр ардагерлерге үлкен алғыс білдіріп, алдағы Жеңіс күні мерекесімен құттықтады.

«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты бірінші кезекте біздің еліміздегі әрбір адамның, мемлекетіміздің әрбір азаматының мейлінше ауқатты болуына бағытталған. Ел бюджетінің 52 пайызы әлеуметтік қамсыздандыруға бөлінеді. Биыл республика бюджетінен халықты әлеуметтік қамсыздандыруға 1 трлн. 135 млрд. теңге қарастырылған. Бұл сома экономиканың өсіміне қарай жылдан жылға көбейтіле бермек»,-деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Соңғы жаңалықтар