Қазақстанда 12 мыңға жуық шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды - ҚР ІІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағында болу ережесін бұзғаны үшін 12 мыңға жуық шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.    

Қазақстанда 12 мыңға жуық шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды - ҚР ІІМ

«4 қазаннан бастап Қазақстан Республикасының аумағында «Заңсыз көші-қон-2017» жедел алдын алу шарасы өтуде. 11 қазандағы жағдайға сәйкес ел аумағында болу ережесін бұзғаны үшін 11 891 шетелдік, оның ішінде алыс шет елдің 727 және ТМД-ның 11 164 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 627-сі ел аумағынан шығарылды», - деді Алмас Садубаев.

Оның дерегінше, шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережесін бұзғаны үшін  Қазақстанның да 420 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 120 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Іздеуде жүрген 28 қылмыскер ұсталды. Оның 24-і Қырғызстан және 4-еуі ТМД азаматтары. Қабылдау-тарату орнына жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 1 013 ТМД азаматы қамалды. Ішкі істер органдары Қырғызстан азаматтарына қатысты ешқандай да арнайы шара жүргізген жоқ», - деді департамент басшысы.

Фото facebook.com