Қазақстанда 15 қазанда күн жылы болады

АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - 15 қазан күні Қазақстанның көптеген аумағында шуақты және жылы ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК-дан.
None
None

Атап айтқанда, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде жаңбыр жауады. Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Астанада кұбылмалы, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Күндіз ауаның температурасы 14-16 градус жылылықты көрсетеді. Дүйсенбі Алматыда да жауын-шашынсыз өтеді, күндіз ауа температурасы 21-22 градусқа дейін көтеріледі.

Соңғы жаңалықтар
Референдум