Қазақстанда 1700 км-ден астам теміржол салынып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM - Елдің транзиттік әлеуетін арттыру және көлік желісін қалыптастыру мақсатында елде ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырлып жатыр.

Қазақстанда 1700 км-ден астам теміржол салынып жатыр
Фото: "ҚТЖ" ҰК

2027 жылға дейін 1700 км-ден астам жаңа теміржол желілері салынады:

• Достық – Мойынты – 836 км (2022–2025)
• Алматы айналма жолы – 75 км (2024–2025)
• Дарбаза – Мақтаарал – 152 км (2024–2026)
• Бақты – Аягөз – 295 км (2025–2027)
• Қызылжар – Мойынты – 329 км (2025–2026)

-Достық–Мойынты учаскесіндегі екінші жолдардың құрылысы және Алматы айналма жолы биыл аяқталады,-деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның баспасөз қызметі.

- Жаңа желілердің іске қосылуы транзит пен жүк экспортын арттыруға, өңірлердің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, Еуразияның көлік хабы ретінде Қазақстанның позициясын нығайтуға ықпал етеді,-деген үміт бар.

Теміржол саласында ұзындығы 1,3 мың шақырымнан астам 4 жоба жүзеге асырылып жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар