Қазақстанда 175 өрт сөндіру депосы жетіспейді - ҚР ТЖМ

АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстанда 175 өрт сөндіру депосы жетіспейді. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.
None
None

«Ұзақ уақыт бойы өрт сөндіру саласында бірқатар мәселер қордаланған. Өкінішке орай оларды бір мезгілде шешу мүмкін болмай отыр. Бұл қордаланған мәселер өрт сөндіру деполарына да қатысты. Мәселен, елімізде 175 депо жетіспейді», деді ол өз сөзінде.

Министрдің пайымынша, аталған нысандардың құрылысын салу барысында өмірлік тәжірибеден өткен нормативтерді қолданған дұрыс. Оған сәйкес өрт сөндіру депосы төтенше жағдай орын алған аймаққа 5-7 минуттың аралығында жетіп үлгеретіндей радиуста орналасуы қажет.

Сонымен қатар В.Божконың сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта Алматы мен Астанада да қала аумағын толығымен қадағалауға алу үшін өрт сөндіру депосы 50 пайызға кем болып отыр. Бұл мәселені шешу де оңай емес. Өйткені бір өрт сөндіру мекемесін салу, яғин ғимаратынан бастап толығымен техникалық жабдықтау үшін бюджеттен миллиард теңге көлемінде қаржы шығындауға тура келеді екен.

Соңғы жаңалықтар