Қазақстанда 18 мың заңсыз жалдамалы пәтер анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ІІМ бастамасымен республика аумағында 2016 жылдың 1 қыркүйегінен жылдың соңына дейін «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Қазақстанда 18 мың заңсыз жалдамалы пәтер анықталды

Қазақстан Республикасы ІІМ хабарлағандай, 2,4 млн. жеке үй мен 2,5 млн. пәтер тексерілді. Тұрғылықты мекенжайы бойына 123 392 шетел азаматтары анықталып, оның ішінде мерзімі аяқталғаны және елімізден шығарылғаны 7 728 адамды құрады. Сонымен қатар, ҚР азаматтары тарапынан көші-қон заңнамасын бұзу дерегі 27 210-ға жеткен.

2016 жылдың 1 қыркүйегінен жылдың соңына дейін 56 мың жалдамалы пәтерлер тексеріліп, соның 19 917-сі жалдамалы пәтер екендігі анықталды. Салық органдарына 18 088 көрсетілім ұсынылды, яғни 18 мың пәтер салық органдарында рәсімделмеген.

608 қылмыскер және 499 із-түссіз жоғалушылар іздестірілді. Заңсыз айналымдағы 390 атыс қаруы, соны ішінде 32 кесетін құралдар алынды.