Қазақстанда 19 маусымда күн күркіреп, қатты ыстық болады

АСТАНА. KAZINFORM — Циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен 19 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің батысы, солтүстік-батысы мен солтүстігінде күшті жауын-шашын болады, бұршақ түсуі де мүмкін.

Еуропаның оңтүстігінде аптап ыстықтан төрт адам көз жұмды
Фото: romatomorrow.it

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, тек оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашынсыз аптап ыстық сақталады. Республика аумағында жел күшейіп, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Өрт қауіпі жоғары аймақтар

Көптеген аймақтарда өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Атап айтқанда:

  • Жоғары өрт қаупі: Алматы, Абай, Павлодар, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аудандарында тіркеледі.

  • Төтенше өрт қаупі: Алматы, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Ұлытау, Жетісу, Атырау, Маңғыстау, Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының көп бөлігінде сақталады.

Қай аймақтарда аптап ыстық?

Бірқатар өңірде аптап ыстық орнайды:

  • Алматы облысы — 35-39°С, солтүстігі мен батысында — 42°С.

  • Жетісу облысы — 35-38°С, солтүстік пен оңтүстігінде — 40°С.

  • Абай облысы — 35-37°С, солтүстігі мен оңтүстігінде — 40°С.

  • Шығыс Қазақстан облысы — 35-37°С.

  • Жамбыл облысы — 38-40°С.

  • Павлодар облысы — 35-38°С.

  • Қарағанды облысының оңтүстігі — 35°С.

Денсаулыққа қауіп бар

Қызылорда облысында соңғы күндері күндіз де, түнде де аптап ыстық сақталып тұр.

Павлодарда күн өтудің көбейгені тіркелді.

Астанадағы Республикалық бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығына 25 адам жүгінген. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай ауа райы ағзаға қосымша күш түсіріп, созылмалы аурулардың асқыну қаупін арттырады.

Айта кетейік, «Семей орманы» резерватына өртті ерте анықтау жүйесі енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар