Қазақстанда 2,2 млн зейнеткер бар, зейнетақының орташа көлемі - 109 мың теңге

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биылғы атқарылған шараларға шолу жасады. Оның ішінде зейнетақы төлеу жүйесі де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл ынтымақты зейнетақы мөлшері екі рет индекстелді. Бүгінгі күні зейнетақының орташа мөлшері шамамен 109 мың теңгені құрайды.

Жалпы мемлекеттік бюджеттен 2,2 млн зейнеткерге зейнетақы төлеуге 2,9 трлн теңге бөлінді.

Келесі жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша зейнетақы төлемін және азаматтардың зейнетақы жинағының кірістілігін арттыруға бағытталған зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі жаңа шаралар пакеті іске асады.

Өтіп бара жатқан жылы сондай-ақ білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау саласының және басқа да жекелеген санаттардың қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңімен артты.

1,2 млн-ға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы орта есеппен 20%-дан 30%-ға дейін өсті және келесі 4 жыл ішінде 2 есе ұлғаяды.

Соңғы жаңалықтар