Қазақстанда 2,6 млн. адам өздігінен жұмыспен қамтылған
Бұл туралы бүгін аталған қауымдастықтың басшысы Раушан Сәрсенбаева айтты.
Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, 2011 жылдан бастап қолға алынған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының мақсаттары, міндеттері және шаралары халық арасында жеткілікті деңгейде түсіндіріліп отырған жоқ. Соның салдарынан әлі күнге дейін еліміздегі жұмыссыздар саны 463,4 мың адамды құрап отыр. Сонымен бірге елде 2,6 млн. адам өздігінен жұмыспен қамтылғандар санатында. Оның 750 мыңға жуығы өнімсіз жұмыспен айналысады. Осы азаматтардың көпшілігі жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылмаған және әлеуметтік сақтандыру жүйесін қатыспайды. Олардың басым бөлігі - ауылды жерде тұратын әйелдер.
«Осы ретте қолға алынған бұл шарамыз ілкі жоба. Бөлінген қаржы көп емес, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына шамамен 5 млн. теңге қарастырылған», - деді Р.Сәрсенбаева.
Оның атап өтуінше, аталған жобаны толық көлемде жүзеге асыру үшін қаржыны еселей түсу қажет. «Дегенмен, мұның барлығы да министрліктің аталған жобаны ары қарай жүргізуге дайындығына және бюджеттеріне байланысты болмақ», - деді ол