Қазақстанда 20 млн. долларға «жасыл» мектептер мен ауруханалар салынады
«Гранттық келiсiм дайындалуда, оның аясында Қазақстан қаржы көздерiне ие болады. Сол iлкi жобаның негiзiнде бiз әр облыста мектептер, ауруханалар салып, барлық адамдарға үнемдеудiң арқасында тиiмдiлiктi қаншалықты арттыруға болатындығын көрсеткiмiз келедi», - дейдi ол.
Бүкiләлемдiк банктiң Орталық Азия бойынша директоры Сародж Кумар Джаның айтуынша, банк тобы Қазақстандағы энергия тиiмдiлiгі жобаларын әркез қолдап келген және бұдан әрi қолдай бермек.
«Бүкiләлемдiк банк 20 млн. доллар болатын гранттарды бөлуде. Бұл гранттар энергия тиiмдiлiгіне қатысты жобаларға арналған. Мен Қазақстандағы жобалар жеделдетiлсе екен деп тiлеймiн, тезiрек өнеркәсiпте, тұрғын үй секторында энергия тиiмдiлiгін арттыру бойынша көмегiмiздi жүзеге асырғымыз келедi. Сонымен қатар бiз энергия тиiмдiлiгін қаржыландырудың өте iрi тетiктерiн де қарастыруды жоспарлаудамыз», - деп атап өттi банк директоры.
Белгiлi болғанындай, жоба 2017 жылға қарай аяқталады деп көзделуде.