Қазақстанда 200-ден астам шетелдік тін жасушаларын қолдану арқылы ем алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 200-ден астам шетелдік тін жасушаларын қолдану арқылы ем алды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ басшысы Абай Байгенжин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Оның еске салып өткеніндей, 7-8 жыл бұрын Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астанада медициналық кластер құрылған болатын. Абай Байгенжиннің сөзіне қарағанда, осының арқасында Қазақстанда алғаш рет адам мүшесін ауыстыру және тін алмастыру операциялары сәтті қолданылуда. Соңғы үш жылда елімізде бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе және жұлынды ауыстыру бойынша мыңнан астам ота жасалды.

«Жақында ғана Ұлттық кардиохирургиялық орталық мамандары «жүрек-өкпе» алмастыру бойынша кешенді операцияны сәтті жасап шықты», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар Абай Байгенжин 2003 жылдан бері қалпына келтіру медицинасының бірегей саласы - жасуша алмастыру оң нәтижелер беріп жатқандығын хабарлады. Оның мәліметтері бойынша, осы жылдар аралығында бауыр циррозы, қант диабеті, жүйке жүйесі, склероз ауруының ауыр формаларына душар болған 6 мың пациент сәтті емделіп шыққан. Альцгеймер, Паркинсон және өзге де ауруларды емдеуде оң нәтижелерге қол жеткізілді.

«2010 мен 2016 жылдар аралығында АҚШ, Қытай, Кувейт, Үндістан, БАӘ, Сауд Арабиясы, Ресей, Сингапур елдерінен 200-ден астам шетел азаматы тін жасушаларымен қолдану арқылы нәтижелі ем-дом қабылдады», - деп түйді ойын А. Байгенжин. 

Соңғы жаңалықтар