Қазақстанда 200 мың адам қант диабетінен зардап шегуде
Аталмыш шараны ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасының Диабетиялық Ассоцияциясы (ҚРДА) «Аcierto» серіктестігімен бірге, барлық алматылықтар мен қала қонақтарын «Диабет: іс-әрекет жасау уақыты!» атты флешмобқа атсалысуға шақырды.
ҚР Диабетиялық Ассоцияциясы өкілінің айтуынша, Қазақстанда - 204 мың адам қант диабетімен тіркелген. Әр 10 секунд сайын әлемде 2 адам қант диабетіне шалдықса, әр 8 секунд сайын 1 адам осы кесел салдарынан көз жұмады екен. Ал, әлем бойынша 366 миллион адам қант диабеті ауруына шалдыққан. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл дертке шалдығушылардың саны жыл сайын артып келеді.
Сондықтан Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күніне орай, БҰҰ бүкіл әлемді жаулап алған, бұл жұқпайтын эпидемияға қарсы күресте барлықтарымызды бірлесе қимылдауға үндеуде. «Диабетке қарсы бірігіңіздер» бүкіләлемдік қозғалысына Қазақстан да қосылып отыр. Қозғалыстың символы - көк шеңбер, шеңбер үміті, болашақтың сенімділік щеңбері болып табылады. Бүгін «Флешмобта» - «көк шеңбердің» құрылуы да БҰҰ қабылдаған, диабетпен күресте күштердің бірігуін көрсетіп отыр.