Қазақстанда 200 теңгелік монета шығарыла ма

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев Алматыда өтіп жатқан онлайн-конференция барысында номиналы 200 теңге болатын монета шығару туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Адамдар банкноталар мен монеталарға қарап ойға қалатыны рас. Біз қазіргі ақшаны оңтайлы деп санаймыз. Номиналы 200 теңге болатын монета шығару туралы жоспарда жоқ», -  деді Ақышев.

Айта кету керек, ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев Алматыда өтіп жатқан онлайн-конференция барысында азаматтардың сұрақтарына жауап беріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар