Қазақстанда 2009 жылы өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындарда баға 1,8 пайызға ұлғайды

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.
«2009 жылдың желтоқсан айында қарашамен салыстырғанда тау-кен өндіруші өнеркәсіпте баға - 2,9 пайызға, өңдеуші өнеркәсіпте - 0,1, электр энергиясын, газ және су өндіру мен тарату - 0,9 пайызға ұлғайды», делінген Агенттіктің таратқан хабарламасында.
Агенттіктің мәліметінше, өткен айда бензин бағасы 29,6 пайызға, жылыту энергиясы - 4,8, мұнай- 3,7, газ конденсаты - 0,7, табиғи газ - 0,4 пайызға ұлғайса, дизель отынының бағасы - 7,1 пайызға, ал көмір - 0,8 пайызға төмендеген. Ай ішінде мыстың бағасы - 5,5 пайызға, қымбат металдар - 5 пайызға, өңделмеген алюминий - 3,2 пайызға артса, қорғасынның бағасы 14,5 пайызға, мырыш - 8,5 пайызға, сұрыпты қара металдар - 3,3 пайызға, ферроқорытпалар - 0,8 пайызға төмендеген.