13:14, 25 Қараша 2011 | GMT +5
Қазақстанда 2010 жылдың басынан кәсіпкерлердің 7000 құқығы бұзылғандығы анықталып отыр
ТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2010 жылдың басынан кәсіпкерлердің 7000 құқығы бұзылған.

Бұл туралы республика Бас прокурорының төрағалығымен өткен ҚР құқықтық тәртіп, қылмыспен күрес, заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында атап өтілді, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
«2010 жылдың басынан 6 995 заң бұзушылық анықталып, 4 844 кәсіпкердің конституциялық құқықтары қорғалған. 1128 лауазымды тұлғалар жауапқа тартылған », - деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.
Отырысқа экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес агенттігінің өкілдері, экономикалық даму және сауда министрлігі, «Нұр Отан» ХДП, «Атамекен» ҰЭП, сонымен қатар бейнеконференц байланыс арқылы облыстық үйлестіру кеңесінің мүшелері, облыс әкімінің орынбасарлары мен бірқатар бақылаушы органдардың жеткешілері қатысты.