11:30, 07 Қараша 2013 | GMT +5
Қазақстанда 2014 жылы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың Х Әлем чемпионаты өтеді
None

АЛМАТЫ. 7 қараша. ҚазАқпарат - Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясының Х мерейтойлық Әлем чемпионаты 2014 жылдың қыркүйек айында Қазақстанда өтетін болды. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясының XIV халықаралық конференциясында айтылды. «Бұл әлем чемпионаты алдындағы міндетті шара. Бүгін қыркүйек айында Кореяның Чинджи қаласында өткен ІХ Әлем чемпионатының нәтижелері мен келесі жылы Алматыда болатын Әлем чемпионатының ұйымдастыру жұмыстары талқыланады», - дейді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко.