Қазақстанда 2015 жылы 4 мыңнан астам некесіз бала туылды - А. Хайруллина
Оның айтуынша, бүгінде жастарды кәмелет жасына жеткізбей мәбүрлікпен үйлендіру әсіресе Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінде тұрақты мәселеге айналған. Ал азматтық хал актілерін тіркеу мекемелерінде тіркелмеген некелердің санын анықтау мүмкін емес.
ҚР Әділет министрлігінің деректері бойынша Қазақстанда 2015 жылы кәмелетке толмаған қыздар арасында 1324 неке тіркелген.
«Өткен жылы Қазақстанда 4360 бала некесіз туды. Ерте бастан тұрмысқа шыққандықтан қыздар толыққанды өмір сүре алмай қалады. Сондықтан, кәмелетке толмаған қыздарды мәжбүрлікпен тұрмысқа беру немесе жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу деректерін дер кезінде тіркеп, әрбір оқиға бойынша әкімшілік және қылмыстық шаралар қолдану керек», - деді Ә. Хайруллина.
Өз кезегінде Қазақстандағы ЮНФПА атқарушы өкілі Райымбек Сейсемәлиев үкіметтік емес ұйымдарды, жастар ұйымдарын, қоғам қайраткерлерін жұртшылық назарын кәмелет жасына жетпеген қыздардың мәселелеріне аударуға шақырды.