03:42, 13 Қаңтар 2018 | GMT +5
Қазақстанда 2017 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5,5%-ға өсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2017 жылғы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 8 749,3 млрд теңгені құрды, бұл 2016 жылға қарағанда 5,5% артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есепті кезеңдегі инвестициялардың басым бөлігі шаруашылық субъектілерінің жеке қаржылары болып отыр, оның көлемі 6 007,3 млрд теңге болды.
Былтыр инвестициялық салымдардың 19,3 пайызға артуы байқалды, олар көлік, құрал-жабдық, көлік құралдарын сатып алуға және оларды толықтай жөндеуге бағытталды.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың басты үлесі кен өндіру және карьераларды өңдеу (34%), көлік және қоймаға сақтау (14,1%) және жылжымайтын мүлік операцияларына тиесілі.