Қазақстанда 2020 жылға қарай орташа өмір сүру ұзақтығын 72 жасқа жеткізу үшін жұмыс істеуіміз керек - Мемлекет басшысы

;ПАВЛОДАР. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Қазақстанда 2020 жылға қарай орташа өмір сүру ұзақтығын 72 жасқа жеткізу үшін жұмыс істеуіміз керек.
None
None

Бұл туралы бүгін Павлодар облысына жұмыс сапары кезінде облыстық білім беру, денсаулық сақтау және құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесуінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Медицина ғылымы дамып келеді. Осының арқасында Қазақстандағы орташа өмір сүру ұзақтығы 60 жастан 68 жасқа дейін өсті. 2020 жылға қарай өмір сүру ұзақтығын 72 жасқа жеткізу үшін жұмыс істеуіміз керек», деді Елбасы.

Сонымен қатар Президент мемлекет білім беру саласына зор маңыз беріп отырғанын атап көрсетті. «Балаларымыздың ең заманауи білім алуы үшін жаңа университеттер салынатын болады», деді Президент.

«Астанада 7 ғылыми орталықтан тұратын медициналық кластер құрылды. Дүйсенбі күні мен Астанадағы жаңа халықаралық университеттің ашылуына қатысамын. Оның бір факультеті өмір туралы ғылымға, ағзаларды трансплатациялауға, адамның жасанды жүрегін және басқа да органдарын жасауға, адамның қартаюын зерттеуге арналатын болады», деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар