Қазақстанда 2025-2026 оқу жылының мерзімі мен каникул кестесі бекітілді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда 2025-2026 оқу жылына арналған оқу мерзімі, оқушылардың каникул кестесі және қорытынды аттестация уақыты бекітілді.

оқушылар, сынып, мектеп
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Құжатқа сәйкес, жаңа оқу жылы 2025 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.

1-11 (12) сыныптар үшін оқу тоқсандары мен каникул мерзімі:

  • 1-тоқсан – 8 апта, күзгі каникул: 2025 жылғы 27 қазан – 2 қараша;

  • 2-тоқсан – 8 апта, қысқы каникул: 2025 жылғы 29 желтоқсан – 2026 жылғы 7 қаңтар;

  • 3-тоқсан – 10 апта, көктемгі каникул: 2026 жылғы 19-29 наурыз;

  • 1-сынып оқушыларына қосымша каникул: 2026 жылғы 9-15 ақпан;

  • 4-тоқсан – 8 апта.

Қорытынды аттестация мерзімі:

  • 9 (10) сыныптар – 2026 жылғы 29 мамыр – 11 маусым;

  • 11 (12) сыныптар – 2026 жылғы 2-15 маусым.

9 (10) сыныптар үшін емтихан кестесі:

  • Математика (алгебра) – 29 мамыр;

  • Таңдау пәні – 3 маусым;

  • Қазақ/орыс/ана тілі (эссе немесе жазба жұмыс) – 8 маусым;

  • Қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті (оқыту тіліне байланысты) – 11 маусым.

11 (12) сыныптар үшін:

  • Қазақстан тарихы (ауызша) – 2 маусым;

  • Алгебра және анализ бастамалары – 5 маусым;

  • Қазақ/орыс/ана тілі – 9 маусым;

  • Таңдау пәні – 12 маусым;

  • Қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті – 15 маусым.

Бекітілген бұйрық 2025 жылғы 24 тамыздан бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, жаңа оқу жылында мектептер мен колледждерде жасанды интеллект технологиясы енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар