Қазақстанда 2030 жылға дейін 37 өткізу пункті жаңғыртылады

АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде мемлекеттік шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы басталды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК.

өткізу пункті, өткізу бекеті
Фото: ҚазАвтоЖол

Халықаралық сауда, транзиттік тасымалдар мен жолаушылар ағынының өсуіне байланысты 2030 жылға дейін 37 шекаралық нысанды кезең-кезеңімен қайта жаңарту жоспарланып отыр.

— «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстан-Қырғыз және Қазақстан-Ресей шекараларында алты басым жобаны іске асыруға кірісті (Бесағаш, Қарасу, Сырым, Әлімбет, Жаңа Жол және Қосақ өткізу пункттері). Алдағы уақытта атқарылатын тағы алты жоба пысықталып жатыр. Олар: Тасқала, Үрлітөбе, Құрманғазы, Ақсай, Қайрақ және Камышановка, — делінген компания таратқан ақпаратта.

Өткізу пункттерін жаңғырту аясында көліктерді өткізу қабілеті артып, азаматтар мен сауда өкілдері үшін шекарадан қолайлы әрі тез өтуге жағдай жасалмақ. Сондай-ақ, бағдарлама шекара маңында орналасқан аймақтардың дамуын ынталандырып, республиканың халықаралық көлік дәліздеріне ықпалдасуын күшейтеді. 

өткізу бекетінің құрылысы
Фото: ҚазАвтоЖол

Фотода қазіргі құрылыс жұмыстары және жаңа эскиздер көрсетілген.

өткізу пункті, өткізу бекеті
Фото: ҚазАвтоЖол

Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті «Тажен» өткізу пункті 1 қыркүйекке дейін уақытша жабылатынын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар