Қазақстанда 22 қараша күні бұқаралық онлайн сауданың «КиберЖұмасы» өтеді

АЛМАТЫ. 14 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстандық қолданушылар интернет дүкендерге карточка арқылы төлем жасағанда қаржысының 90 пайызын шетелге аударады. Бұл туралы бүгін Алматыда жаңадан құрылған Интернет бизнес пен мобильді коммерцияның қазақстандық қауымдастығының баспасөз мәслихатында айтылды.
None
None

Processing.kz-тің тең қожайындарының бірі Константин Горожанкиннің айтуынша, қазақстандықтар «алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» деген халық нақылын жадынан шығармауы керек. Қазір Қазақстанда да әр түрлі бағыттағы интернет дүкендер жеткілікті. Енді тек онда алғашқы сауданы жасап көру керек.

«Қауымдастықтың ұйтқы болуымен 22 қараша күні өткелі отырған бұқаралық онлайн сауданың «КиберЖұмасы» - осы олқылықтың орнын толтыруға жасалған алғашқы қадам. Жалпы мұндай шаралар әлемнің көптеген елдерінде өтеді. Онда үлкен жеңілдіктер жасалады. Сондықтан тұтынушылар ондай шараларға белсенді түрде қатысады. Біз әзірге бір күнді алып отырмыз. Онда интернет дүкендер тауарды өздеріне келіп түскен бағамен сататын болады. Бұл күні олар болашақ нарық үшін өз маржасынан бас тартады», - дейді К.Горожанкин.

Соңғы жаңалықтар