Қазақстанда 24,4 млн тонна мал азығы дайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Өңірлерде алдағы қыс маусымына арналған мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

мал азығы шөп
Фото: БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы

Бірқатар облыста ең жоғары қарқын байқалады. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында жоспар 115%-ға орындалды, Ақмола облысы мен Шымкент қаласында — 100%, Қостанай облысында — 99%, Жетісу облысында — 98,7%, Алматы облысында — 92,6%, Павлодар облысында — 91,1%.

20,8 млн тонна шөп (жоспардың 85,1%-ы), 1,7 млн тонна сүрлемшөп (99,2%), 749,7 мың тонна құнарлы жем (13,4%), 1,4 млн тонна сабан (31,0%) дайындалды.

— Жалпы 2025–2026 жылғы қыстауға 24,5 млн тонна шөп, 1,7 млн тонна сүрлемшөп, 4,6 млн тонна сабан, 5,6 млн тонна құнарлы жем және 2 млн тонна сүрлем дайындау жоспарланған. Мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты, — деп атап өтті министрлік.

Осыдан бұрын БҚО-ның екі ауданында шөп шығымдылығы төмен болып отырғанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар