15:44, 01 Сәуір 2021 | GMT +5
Қазақстанда 25 адамға химиялық кастрация жасалмақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 25 сотталушыға сот шешімімен химиялық кастрация жасалмақ. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінгі күні қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 25 сотталушыға сот шешімімен химиялық кастрация түріндегі медициналық мәжбүрлеу шарасы қолданылады», - дейді Алексей Милюк Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Еске сала кетсек, бұған дейін тұрмыстық зорлыққа қатысты жауапқа тартылғандардың 80 пайызы еш жерде жұмыс істемегендер екені туралы жаздық.