Қазақстанда 25 маусымда өтетін маңызды оқиғалар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform 25 маусымда Қазақстанда өтетін ең маңызды іс-шаралар туралы аңдатпаны ұсынады.

24 маусымда болатын маңызды оқиғалар анонсы
Фото: Kazinform

АСТАНА

  • 08:30 – «Думан» қонақүй кешенінде ХІІ Қазақстандық халықаралық құс өсірушілер форумы және ЕАЭО елдері құс өсірушілер қауымдастығының VІ форумы өтеді.

  • 09:00 – Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

  • 09:30 – Appazov Branding Agency және Appazov Branding Academy негізін қалаушы, бренд-стратегия саласындағы жетекші сарапшы Станислав Аппазовтың жабық мастер-классы: «Брендинг арқылы бизнесті қалай кеңейтуге болады?». Өтетін орны: Wyndham Garden Astana қонақүйі (Хусейн бен Талал көшесі, 25).

  • 10:00 – Мәжілістің пленарлық отырысы өтеді.

  • 10:00 – EXPO халықаралық көрме орталығында Komtrans+BUSexpo Astana 2025 – Қазақстан мен Орталық Азиядағы коммерциялық көлік, автобустар және логистикалық шешімдер бойынша жетекші халықаралық көрме ашылады.

  • 11:30 – ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты баспасөз мәслихаты өтеді.

  • 14:20 – Sheraton қонақүйінде Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық кездесуі өтеді.

  • 14:30 – ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде студенттердің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етудегі студенттік омбудсмендердің рөліне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

  • 17:00 – ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамытуға арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

  • 17:00 – Астана опера театрында «Капулетти мен Монтекки» операсының премьерасы. Өтетін орны: Қонаев көшесі, 1.

Соңғы жаңалықтар