Қазақстанда 26 маусымда өтетін маңызды іс-шаралар

АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 2025 жылғы 26 маусымда Қазақстанда өтетін маңызды іс-шараларға шолу ұсынады.

24 маусымда болатын маңызды оқиғалар анонсы
Фото: Kazinform

АСТАНА

09:00
Қазақстан радиологтар қоғамының ұйымдастыруымен XI Еуразиялық радиология конгресі өтеді.
Өтетін орны: Wyndham Garden Astana қонақ үйі, Хусейн бен Талал көшесі.

10:00
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысы өтеді.

10:00
Діни себептермен вакцинадан бас тарту себептерін анықтауға және тиімді салааралық өзара іс-қимыл жолдарын әзірлеуге бағытталған төрт өңірде жүргізілген зерттеудің алдын ала нәтижелерін таныстыру және талқылау шарасы өтеді.
Өтетін орны: Керей мен Жәнібек хандар көшесі, 5/1.

11:30
«Шекарасыз спорт: Қазақстан халықаралық Astana 2025 World Boccia Challenger турнирін қабылдайды» тақырыбында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясы өтеді.

14:30
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Елдегі суару маусымының барысы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

15:00
ҚР Президентінің мұражайында қазақ фотожурналисі, өлкетанушы Нұрмұхамат Имамовтың Астана күніне арналған «Менің Астанам: өткеннен болашаққа» атты фотокөрмесінің ашылуы өтеді.

17:00
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі салаларын цифрлық трансформациялау» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Соңғы жаңалықтар