Қазақстанда 28 наурызда шамдар бір сағатқа сөнеді
АСТАНА. KAZINFORM — 28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады, себебі елде «Жер сағаты» акциясы өтеді, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
— Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30–дан 21:30–ға дейін «Жер Сағаты» халықаралық экологиялық акциясына қосылыңыздар, биылғы тақырыбы елдегі экотуризмді дамыту болды. Бүгін сағат 20:30–да бүкіл елдегі үйлерде, кеңселерде және көшелерде шамдар бір сағатқа сөнеді, — делінген хабарламада.
«Жер сағаты» акциясы — Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (бұдан әрі-WWF) қамқорлығымен өткізілетін жыл сайынғы халықаралық оқиға. Акция барысында WWF планетаның болашағына бей-жай қарамай, жарық пен тұрмыстық электр құралдарын бір сағатқа өшіруге шақырады; сонымен бірге әлемдегі ең танымал ғимараттар мен ескерткіштердің артқы жарығы сөнеді.
Айта кету керек, «Жер сағаты» акциясы — планетадағы ең ауқымды экологиялық акция. Оған бүкіл әлем бойынша 2 млрд-тан астам адам қатысады, акцияға 180 елден 7 000 қаланың тұрғындары қосылады. 2026 жылы «Жер Сағаты» халықаралық акциясы 19-рет, Қазақстанда 17-рет өтеді.
Акцияның мақсаты — планетаның табиғаты мен ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару. Жыл сайын елдегі акциялар кезінде символдық объектілерді жарықтандыру өшіріледі.
Олардың ішінде:
• «Байтерек» монументі
• «Астана Опера»
• Әзірет Сұлтан мешіті
• Тәуелсіздік Сарайы
• «Астана Арена» стадионы
• «Алау» мұз айданы
• «Қазақстан» қонақүйі
• Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және т. б.
— Науқанды қолдау мүмкіндігінше қарапайым: 28 наурызда сағат 20:30–да шамдар мен электр құрылғыларын бір сағатқа өшіріңіз, — дейді мамандар.
Бұдан бұрын Қазақстанда «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясына 3,8 мың адам қатысқанын жазған едік.