Қазақстанда 29 мамыр күнгі маңызды іс-шаралар тізімі

  АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 29 мамыр күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.

Анонс календарь
Фото: Kazinform

АСТАНА

  • Сағат 09:00-де Қазақстан әйелдерінің жетінші UMAI форумы өтеді, оған еліміздің 500-ден астам кәсіпкері қатысады. Өтетін орны: Astana IT University.

  • Сағат 09:00-де Astana International Forum халықаралық форумы басталады. Өтетін орны: Гейдар Әлиев көшесі, 12.

  • Сағат 09:00-де «Қытай – Орталық Азия 2025» форумы өтеді. Өтетін орны: Қабанбай батыр даңғылы, 15.

  • Сағат 10:00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысы өтеді.

  • Сағат 11:30-да Президент жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ баспасөз конференциясын өткізеді. Тақырыбы: «Елдегі теміржол саласын дамыту шаралары».

  • Сағат 12:30-да Еуразия ұлттық университетінің журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінде Шерхан Мұртаза атындағы аудиторияның салтанатты ашылуы өтеді. Шерхан Мұртаза — мемлекеттік және қоғамдық қайраткер, қазақ әдебиеті мен баспасөзінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы.

  • Сағат 13:30-да Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсаның ашық дәрісі өтеді, тақырыбы – цифрлық дәуірдегі жалған ақпаратпен күрес мәселелері. Өтетін орны: Қабанбай батыр даңғылы, 53.

  • Сағат 14:00-де Astana International Forum аясында Corporate Chess Cup 2025 шахмат турнирі басталады. Қазақстан шахмат федерациясы (Kazchess), Freedom Holding Corp. және «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолдауымен корпоративтік командаларды жинап, олардың интеллекті мен тактикасы әлемдік деңгейге лайық екенін дәлелдеуге мүмкіндік береді. Өтетін орны: Мәңгілік Ел даңғылы, 55/18.

  • Сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының конференц-залында мемлекеттік деңгейдегі маңызды инновациялық жоба — «Qazemle» IT бағдарламасының таныстырылымы өтеді.

  • Сағат 16:00-де «Атамның аманаты» қоғамдық ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейімен және ІІМ-нің Ұлттық гвардиясымен бірлесе отырып, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында із-түссіз жоғалған (271 мыңнан астам адам) қазақстандықтарды еске алуға арналған «СӨНБЕЙДІ ӘКЕ, ШЫРАҒЫҢ» әскери-патриоттық акциясын өткізеді. Өтетін орны: Тәуелсіздік даңғылы, 54.

  • Сағат 18:30-да Forte Kulanshi Artspace галереясы маусымның соңғы көрмесіне — Қазақстандағы жалғыз суретшілер биенналесіне QAZAQ CONTENT шақырады. Өтетін орны: Достық көшесі, 8/1.

Айта кетейік, 29-30 мамыр күндері елордада өтетін Astana International Forum (AIF) қатысушылары келе бастады. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, елордаға 5 мыңнан астам шетелдік қонақ келеді.

Соңғы жаңалықтар