10:27, 14 Шілде 2025 | GMT +5
Қазақстанда 3 айға гипсокартон кіргізуге тыйым салынды
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі елге гипсокартон кіргізуге тыйым салатын бұрық шығарды.

Құжат талаптарына сәйкес, 22 шілдеден бастап, Қазақстан аумағына үшінші елдерден көліктің барлық түрлерімен 3 айға дейін гипсокартон кіргізуге тыйым салынады.
Осыған дейін Қазақстан бұқа экспортына уақытша тыйым салған болатын.
Сондай-ақ ветеринарлық ілеспе құжаттары жоқ 60 ірі қара малды ел аумағына кіргізуге тыйым салынды.