Қазақстанда 3 күн ішінде 1874 қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 74 адам ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің аумағында сәуірдің 10-ынан бастап «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде. Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның атап өтуінше, шара көшелер мен өзге де қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, ескертуге және жолын кесуге бағытталған.
«Үш күн ішінде 39 мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды, 1 874 қылмыс ашылды, іздеуде жүрген 74 адам ұсталды, полиция есебінде тұрған 49 мыңнан аса адам тексерілді. Мұндай алдын алу іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрады және қылмыс санының төмендеуіне ықпал етеді. Азаматтарды құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда тез арада полицияға хабар беруге шақырамыз», - деп жазды Алмас Садубаев.