Қазақстанда 30 мамырда өтетін маңызды шаралар тізімі жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 30 мамыр күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.

АСТАНА
-
08:00 — Астана халықаралық форумы (AIF2025) басталады.
-
09:00 — Еуразиялық Лиганың әлем кубогының кезеңі бойынша халықаралық ат спорты жарыстары — конкур (FEI CSI 1*-W) және халықаралық атпен мәнерлеп жүру турнирі (FEI CDI 1*). Өтетін орны: Қарқаралы тас жолы, 1.
-
09:30 — Мемлекеттік басқару және Қытай мен Орталық Азия арасындағы гуманитарлық алмасу диалогы бойынша симпозиум. Өтетін орны: Beijing Palace Soluxe Hotel Astana.
-
11:00 — Астана қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті жергілікті атқарушы билік органдарының және бағынысты ұйымдардың мемлекеттік қызметкерлеріне арналған түсіндірме жиынын өткізеді. Өтетін орны: Бейбітшілік көшесі, 11.
-
11:00 — Орталық Азиядағы алғашқы дәстүрлі қытай медицинасы орталығы ресми түрде ашылады. Серіктестік — Сиань дәстүрлі қытай медицинасы ауруханасы және «Сиань» клиникасы. Өтетін орны: Сауран көшесі, 15/1.
-
11:30 — ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде дөңгелек үстел өтеді. Тақырыбы: «Баланың әл-ауқаты — мемлекеттің қамқорлығы».
-
14:30 — «Орталық Азия — Италия» бірінші саммиті өтеді.
Осыған дейін Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Италия Премьер-министрі Джорджа Мелониді елорда әуежайынан қарсы алғанын жаздық. Мелони мемлекеттер басшылары деңгейінде бірінші «Италия — Орталық Азия» саммитін ұйымдастырғаны үшін Президентке ризашылығын білдірді.