Қазақстанда 35 мың шетелдік студент білім алып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда 88 елден келген 35 мыңнан астам шетелдік студент жоғары білім алып жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті.
– 2025 жылы Қазақстанда 88 елден келген 35 мыңнан астам шетелдік студент білім алды. Бұл көрсеткіш бір жылда шамамен 11 пайыз өскен, - дейді ведомстводан.
Министрлік мәліметінше, шетелдік студенттердің негізгі легі Үндістан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қытай және Ресейден келеді.
– Қазақстан халықаралық білім беру саласын белсенді дамытып, шетелдік университеттермен әріптестікті күшейтіп отыр. Үкіметтің негізгі мақсаттарының бірі – 2029 жылға қарай шетелдік студенттер санын 150 мыңға дейін жеткізу. Бұл бағыттағы саясат Қазақстанды Еуразия кеңістігіндегі аймақтық білім беру хабына айналдыруды көздейді, - дейді жауаптылар.
Бұған дейін шетелдік студенттерге жұмыс визасын беру еңбек нарығына қалай әсер ететіні жайлы жазған едік.
Шетелдік студенттер Қазақстанға 30 млрд тг табыс әкелді.