Қазақстанда 35 мыңға жуық жетім бала бар

АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда елімізде асыраушысыз қалған 34 785 жетім бала бар. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Раиса Шер мәлім етті.

Қазақстанда 35 мыңға жуық жетім бала бар

Оның хабарлауынша, 25 мың бала туған-туысқандардың асырауында болса, 10 мыңнан астамы интернат ұйымдарында тәрбиеленіп жатыр. «Жалпы, соңғы 14 жылдың ішінде 47 мыңнан астам жетім бала асырауға алынды. Олардың басым бөлігін қазақстандық азаматтар өз отбасыларына қабылдады», - деп атап көрсетті Р.Шер.