Қазақстанда 400 мыңға жуық қытай этносы мен қытайлық эмигранттар бар
«ҚР ҚХР елшілігінің берген мәліметтеріне сәйкес, қазіргі уақытта Қытай Қазақстанның бірінші сауда серіктесіне айналды. Өткен жылы екі ел арасындағы тауарайналым 28,6 млрд. долларды құрады. Қазақстанда 400 мыңға жуық қытай этносы мен қытайлық эмигранттар бар, көпшілігі сауда саласында жұмыс істейді», - делінген қытайлық басылымда.
Шетелдік қытайлардың «Хуацяо хуажэнь байкэ цюаньшу» энциклопедиясында қытай дипломатына сілтеме жасап Қазақстанда 400 мыңға жуық қытай этносы мен қытайлық эмигранттар бар деп жазды. Оған дүнгендер (60 мың), ханьдар ( 2 мыңнан аспайды), басым көпшілігі Қытайдан Қазақстанға көшіп келген қазақтар мен ұйғырлар.
Осыған дейін «Синьхуа» агенттігі хабарлағандай, 2009 жылғы деректер бойынша Қазақстанда 300 мыңға жуық қытай этносы мен қытайлық эмигранттар, бизнесмендер болған. Көпшілігі Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында тұрған.
Еске сала кетейік, 2009 жылы сәуірде «Хасакэсытань хуацяо бао» жаршысы шыққан. Ол орыс және қытай тілдерінде шығып, Қазақстандағы қытай этносы мен қытайлық эмигранттарға таратылған.