Қазақстанда 47 табиғи монополия субъектісі тексерілді, әлі 40 коммуналды кәсіпорын бар - ҰЭМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық экономика министрлігі бүкіл ел бойынша коммуналдық кәсіпорындарды тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда 47 табиғи монополия субъектісі тексерілді, әлі 40 коммуналды кәсіпорын бар - ҰЭМ
Фото: t.me/presseconomy

Ведомство мәліметінше, бұл жұмыс «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру шеңберінде іске асады.

14-18 тамыз аралығында 18 өңірде 29 табиғи монополия субъектісі қамтылды:

- Астана – «Астана-теплотранзит» АҚ;

- Алматы – «Алматы электр желілері» АҚ;

- Алматы обл. – «Теміржолсу-Алматы» ЖШС;

- Ақтөбе облысы – «Ұлы Борсық» КМК, «Aqtobe su-energy group» АҚ;

- Атырау облысы – «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ;

- Қостанай облысы – «Зотобольск ЖЭС» КМК, «ЭПК-forfait» ЖШС, «Қостанай ЖЭС» МКК;

- Ақмола облысы – «Көкшетау Энерго» ЖШС;

- Ұлытау облысы – «Жылумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ;

- БҚО – «Батыс Қазақстан аймақтық электржелілік компаниясы» ЖШС;

- СҚО – «Солтүстік Қазақстан Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ;

- Абай облысы – «БЭСК» АҚ;

- Маңғыстау облысы – «Каспи жылу, су арнасы» МКК;

- Қарағанды облысы – «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС, «ҚАЭК» ЖШС;

- ШҚО ​ - «Теплоэнергия» МКК, «Өскемен ЖЭО» ЖШС, «Күршім» МКК, «Самар» МКК, «Өскемен жылу желілері» АҚ, «Алтай КомХоз Сервис» КМК;

-Павлодар облысы – «Павлодар Энерго» АҚ, «Горэлектросеть» ЖШС;

- Қызылорда облысы – «Қызылорда Жылу электр орталығы» МКК;

- Жамбыл облысы – «Жамбыл Жылу» МКК, «Таразэнергоорталық» АҚ;

- Түркістан облысы – «Уранқуат» ЖШС.

Жалпы, 20 тамыздағы жағдай бойынша 47 ТМС тексерумен қамтылды.


Объектілерді тексеру барысында бекітілген инвестициялық бағдарлама шараларының уақытылы орындалмағаны анықталды, өткізілмеген конкурстық рәсімдер фактілері бар.

Бұл фактілер жөндеу жұмысы құнының қымбаттауына әкеледі.


​Осыған байланысты пайдаланылмаған қаражат тұтынушыларға табиғи монополиялар субъектілеріне қатысты уақытша өтемдік тарифтерді енгізу жолымен қайтарылады.

Барлық ТМС-ке конкурстық рәсімдерді алдын ала жүргізу, сондай-ақ қабылданған міндеттемелерді уақтылы және сапалы орындау қажет.


​Табиғи монополияларды реттеу комитеті тамыз айында жергілікті атқарушы органдармен және қоғам белсенділерімен бірлесіп тағы 40 коммуналдық кәсіпорынды тексереді.