Қазақстанда 5 115 Ұлы Отан соғысының ардагері қалды

«Қазақстанда бүгінгі күні 5 115 ҰОС ардагері қалды. Өкінішке қарай, олар жылдан-жылға азайып келеді. Өздеріңіз білесіздер, Отан соғысына 1 млн. 200 мың қазақстандық қатысқан болатын, олардың тек жартысы ғана аман оралған еді», - деп атап өтті ол.
Б. Мұқышевтың айтуынша, қоғамдық бірлестік «Нұр Отан» партиясымен және «самұрық-Қазына» қорымен бірлесе отырып, жеңістің мерейтойына орай бірқатар шаралар ұйымдастырмақ.
«Шаралар аясында ардагерлеріміздің қажеттіліктері тексеріліп, өмір сүру жағдайлары, денсаулығы толық бақылауға алынады. Жалпы, Жеңістің 70 жылдығы бүкіл Республика көлемінде тойланатын болады. Мемлекет басшысы өз сөзінде осы айтулы оқиғаны ардагерлемізіге деген барынша қамқорлықпен, тарих алдындағы үлкен мәртебемен қарсы алуымыз керек екенін бірнеше рет қадап айтты», - деді ол.