Қазақстанда 50-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық қылмыстық санатқа жатқызылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның жаңа Қылмыстық кодексінің жобасында 50-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық қылмыстық санатқа жатқызылатын болады.
None
None

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы сарапшылар кеңесінің отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев мәлім етті.

«Қылмыстық кодекс жобасында 171 қылмыстық тәртіпсіздік қарастырылады. Оның ішінде 58 құрам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен ауыстырылды», - деді ол.

Депутаттың атап өтуінше, аталған 58 құрам Парламент қабырғасында жан-жақты сараптамадан өткен.

«Тек депутаттар тарабынан ғана емес, сонымен бірге қоғамдық ұйымдардан, жекелеген азаматтардан өте көп ұсыныс болды. Оларды ескере отырып, біз шамамен 10 құрамды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске қайтаратын сияқтымыз», - деді Р.Мұқашев.

Соңғы жаңалықтар