Қазақстанда 52 тұтқындар үйі салынатын болады - ҚР ІІМ

АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанда 52 тұтқындар үйі салынатын болады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде жаңа редакциядағы Қылмыстық-атқару кодексінің таныстырылымы барысында ҚР Ішкі істер вице-министрі Амантай Күреңбеков мәлім етті.
None
None

«Қамауға алу түріндегі жазаны атқару үшін Қылмыстық кодекс жобасы аясында біз 52 тұтқындар үйінің құрылысын салуды қарастырып отырмыз. Бұл үшін шамамен 65 млрд. теңгені құрайтын бюджеттік тапсырысты берген едік. Ондай тапсырыс мақұлданып жатса, 52 тұтқындар үйі 2015 жылдан бастап 2021 жылдардың аралығында салынатын болады деп жоспарланған», - дейді А.Күреңбеков.

Соңғы жаңалықтар