08:38, 18 Наурыз 2022 | GMT +5
Қазақстанда 759 551 жасөспірім «Pfizer» вакцинасын салдырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 17 наурыздағы мәлімет бойынша«Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 918 077 адам, ІІ-ші дозасын 733 456 адам салдырды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Ондағы мәліметтерге қарағанда, вакцинаның І-ші компонентін 759 551 жасөспрім, 34 692 жүкті әйел, 120 846 бала емізетін әйел салдырған. Ал ІІ-ші компонентін 613 141 жасөспірім, 26 940 жүкті әйел, 93 307 бала емізетін әйел салдырды.